Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округінің сайланған әкімін
тіркеу туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімін тіркегендігі туралы хабарлайды:
Қамысқала ауылдық округінің әкімі болып Тажиденова Рафигат Ануарбековна, 1968 жылы туған, «Исатай ауданының Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі, Атырау облысы Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны тіркелді.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы