Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
2025 жылғы 26 қазанда Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-бабына сәйкес, Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:
Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 2338 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 1317. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 53. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 15.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
Р.Н.Есқалиға |
338 |
|
Е.С.Есмағилаға |
247 |
|
Р.А.Тажиденоваға |
712 |
Қамысқала ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясының Исатай аудандық филиалынан ұсынылған Тажиденова Рафигат Ануарбековна 1968 жылы туған, «Исатай ауданының Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі, Атырау облысы Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны сайланды.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы