Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркегендігі туралы хабарлайды:
Есқали Ринат Нәбидоллаұлы 1989 жылы туған, басшы, «Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Есмағила Ербол Серікұлы 1992 жылы туған, округ әкімінің орынбасары, «Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, «Ауыл» партиясы Республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған.
Жармуханбетова Гулнафис Ерсайновна 1971 жылы туған, бас сарапшы, «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Нұрлыбеков Айбек Рысбекұлы 1992 жылы туған, аппарат басшысы, «Исатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Тажиденова Рафигат Ануарбековна 1968 жылы туған, әкім, «Исатай ауданының Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалынан ұсынылған.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы