Күнтiзбелік жоспар

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  

2025 жылғы 17 қыркүйектегі

№8 қаулысына қосымша

 

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған

Исатай ауданы Қамысқала ауылдық  округі әкімінің сайлауын

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс – шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1.  Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын 2025 жылғы 17 қыркүйекте

 (113-1-б. 1-т. 1) тт., 2-т.)

2. Сайлау округінің тізімін, олардың шекарасы орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен

2025 жылғы 27 қыркүйектен кешіктірмей

(22-б.)

3. Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен

2025 жылғы 27 қыркүйектен кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен

2025 жылғы 2 қазанынан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

 

Исатай ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн

2025 жылғы 2 қазанға дейінгі мерзімде

 (23-б. 5-т.)

6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні 2025 жылғы 18 қыркүйектен  басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда              2025 жылдың 30 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

 (113-3-б. 5-т.)

 

7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – «Сайлау туралы» Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б.,113-5-б., 11-т. 2)-тт.)

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Исатай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттардың «Сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1 тт., 31-б.)

9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттардың осы «Сайлау туралы»  Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар  мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

 

Әкім болуға кандидаттар, саяси партиялар

(әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын 2025 жылғы 5 қазанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

(113-5-б. 14-т.)

 

15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Исатай ауданының әкімдігі және Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Әкім болуға кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2025 жылғы 5 қазанда жергілікті уақыт бойынша 18:00 де басталып, 25 қазанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Исатай ауданының әкімдігімен бірлесіп

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну                                                 

 

Исатай ауданының әкімі

2025 жылғы 6 қазанға дейін дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

(24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2025 жылғы 11 қазанда дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2025 жылғы                        16 қазаннан кешіктірмей

(18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

 

Исатай  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2025 жылғы 23 қазаннан ерте емес және 25 қазаннан кеш емес

(37-б. 3-т.)

         

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2025 жылғы                   26 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2025 жылғы 26 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2025 жылғы 26 қазан жергілікті уақыт бойынша сағат                    20:00-де басталады

(18-б. 8 т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесінiң                    үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жеткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2025 жылғы 29 қазаннан кешіктірмей

 

(113-10-б.)

29. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 1 қарашаға дейін сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

(44-б. 4-т. 3) тт)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап 2025 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден 2025 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін               

                                                             

 (45-б., 46-б. 3-т, 2) тт., 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

 

 

Дата публикации
17 сентября 2025