Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
2025 жылғы 13 шілдеде Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-бабына сәйкес, Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:
Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 6020 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 3318. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 92. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 12.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
Г.А.Джумалиеваға |
522 |
|
Е.Н.Махашовқа |
1749 |
|
Е.С.Сыралиевке |
1021 |
Аққыстау ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған кандидат Махашов Ерболат Нұрлыбекұлы 1987 жылы туған, «Атырау облысы Исатай ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі Аққыстау ауылының тұрғыны сайланды.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы