Исатай ауданы мәдениет және спорт бөлімінің ережесі

«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және

спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ 

 

Исатай  ауданы әкімдігінің

2019 жылғы «29» қаңтардағы

№16 қаулысына 2 қосымша

 

 

«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І

 

1.Жалпы ережелер

 

1.«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі аудан аумағында  мәдениет, дене шынықтыру  және спорт  салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан  Республикасы Президентінің және Үкіметінің  актілеріне, өзге  де нормативтік  құқықтық актілерге, сондай-ақ  осы Ережеге  сәйкес жүзеге  асырады.

3.«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы «Исатай ауданы әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

4.Құрылтайшының орналасқан жері – Атырау  облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы,  Егемен Қазақстан, 12.

5«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік мүлік жөніндегі  уәкілетті орган және  басқа да  барлық  жеке меншік  формадағы  органдармен өзара қатынастар  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

6.«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің  ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес қазынашылық  органдарында шоттары  болады.

7.«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

8.«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері  бойынша  заңнамада  белгіленген  тәртіппен «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен  және  Қазақстан Республикасының  заңнамасында  көзделген  басқа да  актілермен рәсімделетін  шешімдер қабылдайды.

 

 

 

 

9«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат  санының  лимиті  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  бекітіледі, пошталық индекс  060300.

10.Заңды  тұлғаның  орналасқан жері: Қазақстан  Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы,  Егемен Қазақстан – 11

11.Мемлекеттік органның  толық атауы:

-қазақ тілінде «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»;

-орыс тілінде «Исатайский  районный  отдел культуры, физической  культуры и спорта».

12.«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі құрылтайшы  Исатай ауданының әкімдігі  болып табылады.

13.Осы  Ереже «Исатай аудандық, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай  құжаты болып табылады.

14.«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің  мекемесінің қызметін  қаржыландыру  жергілікті бюджеттен  жүзеге  асырылады.

15.«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі функциялары  болып  табылатын  болып табылатын  міндеттерді  орындау тұрғысында  шарттық қатынастары  түсуге  тыйым  салынады.

16.«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің  жұмыс уақыты режимі:

-екі демалыс  күні бар  бес күндік  жұмыс аптасы;

-жұмыс уақыты 09.00-ден 13.00-ге дейін  жұмыс уақыты, 13.00-ден 14.30-ға дейін  түскі үзіліс, 14.30-дан 18.30-ға  дейін жұмыс уақыты.

 

  1. «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

17.«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің  миссиясы: мәдениет, дене шынықтыру және  спорт  саласында  мемлекеттік саясатты  қалыптастыру  және  жүзеге асыру.

18.Міндеттері:

1)аудан  аумағында  тарихи, ұлттық және  мәдени  салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды  дамытуға көмек  көрсету;

2)аудан  мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;

3)ауданның мәдени  өмірінің  өркендеуіне, көркемөнерпаздықты, халық шығармашылығын  дамытуға ықпал ету.

 

 

 

 

 

 

4)тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау және пайдалану бағытында жергілікті  атқарушы органдар, мекеме, кәсіпорындардың жұмысына  бақылау жасау;

5)тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік  және салауатты  өмір  салтының берік негіздерін  қалыптастыру, жеке  тұлғалықтарын дамыту  үшін  жағдайлар  жасау арқылы өй-өрістерін байыту;

6) азаматылыққа  патриоттық және өз  Отаны – Қазақстан Республикасының  сүюге, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға,  халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

7)басқа мемлекеттік органдармен, мекемелермен мәдениет және спортты  дамыту мен насихаттауға бағытталған мәдени-спорттық, қоғамдық маңызды шараларды дайындау және жүргізу ісінде әрекет ету;

8)жергілілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан  бөлімнің құзіретіне жататын  мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;

9)аудандық әкімдікке бөілмінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша  ұсыныстар енгізуге құқылы.

19.Функциялары:

1)Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің тапсырмаларын, облыс, аудан әкімдері нормативтік актілерінің орындалысын қамтамасыз ету:

2)бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының тиісті  бөлімдерімен ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;

3)қазақ және осы аймақты  мекендеген өзге де халықтардың ұлттық  мәдениеті мен өнер байлықтарын одан әрі дамытуға белсенді ықпал жасау, азаматтарды рухани жағынан тәрбиелеу;

4)шығармашылық орталықтармен, өзг де қоғамлдық ұйымдармен өзара қарым-қатынастар орнату;

5) «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік басқару органдарына белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізу;

6)драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу, әсемдік-қолданбалы және эстрадалық өнердің жоғары көркемдік туындыларын қамтамасыз ететін сайыстар мен байқаулар, өзге де  мәдени шараларды ұйымдастырып өткізуге басшылық жасау;

7)аудан көлеміндегі тарихи, мәдени ескерткіштерді насихаттау және оларды пайдалану, жөндеу, есебін жүргізу жұмыстарын қадағалауды жүзеге асырады, жобалау смета құжаттарын жасақтауға қатысу;

8)спорт қозғалысының, саламатты өмір салты принциптерін насихаттау;

9) облыс құрама командаларын спорт резервтерін даярлау;

10)облыс және республикалық спорт аренасында жоғарғы спорт нәтижелеріне жету;

11)спорт түрлерінен аудандық жарыстар өткізу;

 

 

 

 

 

12) спорт түрлерінен ауданның құрама командаларын даярлауды және облыстық, республикалық, басқа да іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету;

13)аудан көлемінде бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің  дамуын қолдау;

14)спорт іс-шараларының қатысушыларын, аудандық және басқа да іс-шаралар жеңімпаздарын, спортшылар мен спорт ұйымдарының қызметкерлерін, диплом  мен мақтау қағаздары, медальдар, төс  белгілерімен марапаттау;

15)аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларының  күнтізбелік жоспарын әзірлеу, бекіту жүзеге асыру;

16)Халықаралық, Республикалық, облыстық, ауданаралық және аудандық спортық жарыстар мен турнирлерге қаражат бөлуді ұйымдастыру;

17)Халықаралық жарыстар мен турнирлерге, Қазақстан Республикасы  мен Тәуелсіз елдер достастығы және де басқа дәрежедегі чемпионаттар мен турнирлерге аудан құрама командасын дайындауды қамтамасыз ету;

18)спорт іс-шараларын өткізу кезіндн техника қаіупсіздігі ережелерін сақтау;

19)белгіленген тәртіппен аудандық мәдениет мекемелеріндегі коммуналдық мемлекетік қазыналық  кәсіпорындардың  және коммуналдық мемлекеттік мекеменің жоспарлы – экономикалық қызметінің жалпылама негізін жасақтау, бухгалтерлік есеппен жасақталған есеп жиынтықтарын бақылау, тапсырылған есептер мен олардың жиынтығын талдау, аудандық, облыстық статистикалық және қаржылық органдарга тапсыру;

20)Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне қарасты коммуналық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың шаруашылық өндірістік және тұрмыстық-әлеументтік жағынан қамтамасыз етілуіне бақылау жасау;

21)кадрларды дайындау, қайта дайындықтан өткізу және біліктілігін көтеру бағдарламаларына қатысу, олардың қызметіне әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, конференциялар, семинарлар, басқа да оқу түрлерін ұйымдастыру;

20.Құқықтары мен міндеттері:

 1)бөлімнің саласына жататын мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға  тапсырмалар беру,  олардың орындалысын бақылау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырған шараларына қатысу;

2)жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің  құзырына жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;

3)өзіне берілген мүлікті басқаруды жұүзеге асыруға;

4) Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне ведмоствалық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мен мемлекеттік коммуналыдық қазыналық кәсіпорындардың мүліктерін бекітуге;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5)«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне ведмостволық бағынысты коммуналдық  мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорындарының  қаржылық жоспары мен штаттық кестесін бекітуге;

6)«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне ведмоствалық  бағынысты  коммуналдық  мемлекеттік  мекеме мен мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  құрылымдарының құрылысын анықтауға;

7)Қазақстан Республикасы заңдарына сай өзге де қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

 

 

  1. «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына  және  оның функцияларын  жүзеге асыруға дербес жауапты болатын  бірінші басшы  жүзеге асырады.

22.«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің  бірінші басшысын Исатай ауданының әкімі қызметке  тағайынды және қызметтен босатады.

  1. «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінш басшысының өкілеттілігі:

1)бөлім мамандарының өкілеттілігі міндетін белгілейді;

2)заңнамаға  сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

3)бұйрық шығарады және бөлімнің барлық қызметкерлеріне тиісті  тапсырма береді.

4)барлық мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға  бөлімді таныстырады.

5)бөлімнің қызметкерлер саны мен еңбекке ақы төлеу қорының белгіленген шегінде штат кестесін бекітеді.

6)заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін сыйақы беру, материаллдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану  мәселесін шешді.

7)Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шараларт қолданады және ол жеке жауап береді.

8)«Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің бірінші басшы болмаған кезеңде оның  өкілеттерін қолданыстары заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

 

  1. «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнмада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған  мүлік (ақшалай кірістерде қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де  көздер сесебінен қалыптастырылады.
  2. «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

         26.Тиісті  саланың уәкілетті органы мемлекеттік  мүлікті басқару  жөніндегі  саясатты  жүзеге  саясатты жүзеге асырады,  өз  құзыреті шегінде  тиісті салада мемлекеттік  мүлік басқару  аясындағы нормативтік  құқықтық актілерді  әзірлеуге қатысады.

         27.Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда  коммуналдық мемлекеттік кәсіпрорындар  қызметін басым бағыттарын және  бюджеттен  қаржыландыратын  жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің)  міндетті төлемдерін айқындайды;

28.Тиісті саладағы  коммуналдық мемлекеттік  мекеме қызметінің  нысанасы мен мақсатын айқындайды.

29.Аудандық қаржы және экономика бөліміне коммуналдық мемлкеттік  кәсіпорындар қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорындардың  түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық  кәсіпорын) айқындау  жөнінде  ұсыныстар енгізеді;

30.Тиісті  саладағы  коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорындардың даму  жоспарларын  және оларды орындау  жөніндегі  есептерін қарайды, осы Заңда көзделген  жағдайларда  келіседі және бекітеді;

31.Тиісті саладағы  коммуналдық заңды  тұлғалар  мүлкінің  сақталуын  және коммуналдық  мемлекеттік   кәсіпорындардың  даму  жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

32.Аудандық  қаржы және экономика бөліміне  коммуналдық  заңды  тұлғаларға берілген немесе ол өзінің  шаруашылық  қызметінің  нәтижесінде  сатып алған мүлікті  алып  қоюға  немесе қайта бөлуге  келісімін  береді.

33.Тиісті саладағы коммуналдық  заңды   тұлғаларды  басқаруды жүзеге асырады.

34.Тиісті саладағы коммуналдық  мемлекеттік мекемелердің жарғысын  (ережесін), оған  енгізілетін мен толықтыруларды бекітеді;

35.Тиісті саладағы  коммуналдық заңды  тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

36.Тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерді жергілікті  бюджеттен қаржыландыру жоспарын бекітеді.

 

 

37.Тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік  мекемелердің  филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді.

38.Аудандық қаржы және эконормика бөлімінің келісімі бойынша  коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және тартуды жүзеге асырады;

39.Тиісті  мемлекеттік органға қарасты  тиісті саланың  коммуналдық  заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептен  шығаруға келісуді жүзеге асырады.

40.Осы ереже, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында,  Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде   айқындалған өз ге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

41.Егер заңнамада өзгеше  көзделмесе, «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып  алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған  өзгедей тәсілмен  билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеменің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар

 енгізу тәртібі

 

  1. Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу  Исатай ауданы әкімдігінің  қаулысымен жүргізіледі.
  2. Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеменің өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес  тіреледі.

 

  1. «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

 

  1. Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

  1. «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

1.Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Исатай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.

2.Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне ведмостволық бағыныстағы «Жалын» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

  1. Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне ведмостволық бағыныстағы «Исатай балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

 

ЕРЕЖЕ
Дата публикации
05 ноября 2020