Исатай аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Исатай аудандық  мәслихаты

депутаттарының кезекті сайлауын

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі

іс-шаралардың күнтізбелік

жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының               13 бабының 2 тармағы 1)тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы №29/335 қаулысы негізінде Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1.2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Исатай аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

         2.Осы қаулы аудандағы барлық учаскелік сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

            3.Осы қаулыИсатай аудандықаумақтықсайлаукомиссиясының интернет-ресурсындаорналастырылсын.

 

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                 С.Мендибаев

 

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                                  Г.Сиранова

 

 

Дата публикации
05 ноября 2020