|
Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1 тармағы 1) тармақшасы және 2 тармағына сәйкес Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 13 шілдеге Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға
|
К.Губашев
|
|
Хатшы
|
Г.Сиранова
|
Аққыстау ауылы
2025 жылғы 4 маусым
№5