«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімін тіркегендігі туралы хабарлайды:
Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі болып Амиров Арслан Кибатоллаевич, 1973 жылы туған, жұмыссыз, Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі Аққыстау ауылының тұрғыны тіркелді.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы