2025 жылғы 11 мамырда Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-бабына сәйкес, Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:
Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 3199 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 1732. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 52. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 7.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
А.К.Амировқа |
1011 |
|
Н.С.Ателовқа |
267 |
|
Қ.М.Тахаевқа |
441 |
Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған кандидат Амиров Арслан Кибатоллаевич 1973 жылы туған, жұмыссыз, Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі Аққыстау ауылының тұрғыны сайланды.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы