«Исатай аудандық экономика және қаржы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1.«Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұдан әрі аудандық экономика және қаржы бөлімі – өз құзіреті шегінде ауданның экономика және бюджет, коммуналдық мүлікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме, Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің дербес атқарушы органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, 060300, Елорда көшесі, №54А.
Мекеменің басқару органы – «Исатай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Егер «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын жоспарлау және қалыптастыру;
2) ауданның бюджет саясатының негізгі басымдықтарын бюджеттік жоспарлау және қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
3) аудандық бюджеттің орындалуын ұйымдастыру, ауданның коммуналдық мүлігін тиімді басқару болып табылады.
15.Өкілеттіктері:
Құқықтары:
1) Өз құзыреті шегінде аудан әкіміне және аудан әкімдігіне өңірдің стратегиялық және кешенді дамуына, аудандық бюджетті жоспарлау мен оның орындалуына, коммуналдық мүлікті басқару мәселелеріне қатысты ұсыныстар енгізу, сондай-ақ тиісті нормативтік құқықтық құжаттарды дайындап, оларды бекітуге ұсыну;
2) аудандық бағдарламаларды әзірлеу, есеп берулер құжаттарын дайындау барысында өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысы бар заңды тұлғалардан және өзге де ұйымдар мен тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасы шеңберінде салық органдарынан, ауданның атқарушы органдарынан, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік органдардан бюджетке түсетін салық түсімі көлемі және басқа да міндетті төлемдер туралы ақпаратты, бюджет қалыптастыру және оның атқарылуын орындауға, сонымен бірге оған жүктелген басқа да функцияларды орындау үшін қажетті статистикалық, басқа да материалдарды сұрату және алу;
4) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бюджет әкімгерлеріне бөлінген бюджеттік қаражаты мақсатты пайдаланылмаған жағдайда кері қайтарып алу немесе қаржыландыруды тоқтату;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
6) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардан мамандар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар тарту;
7) жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп жасау;
8) нақты кіріс түсімдеріне сәйкес жергілікті бюджет шығындарын қаржыландыруды жүзеге асыру;
9) құпиялық тәртібін, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияны сақтауды ескере отырып, бюджет саласына қатысы бар құжаттармен кедергісіз танысу;
10) өз құзіреті шегінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп пен есептілікті жетілдіруге ықпал ету;
11) бюджеттің орындалысы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің тиісті дәрежеде жүргізілуіне ықпал ету мақсатында аудан әкіміне тоқсандардың, жылдың қорытындысымен бұл жұмыстар барысы туралы мәліметтер түсіру;
12) коммуналдық меншіктерді сенімгерлік басқаруға беру;
13) қажеттілігіне қарай есептен шығаруға жататын коммуналдық мүліктерді қарау;
14) аудандық коммуналдық мүліктің пайлануын және сақталуын бақылау;
15) заңнамаға сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу;
16) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдау;
17) мүлікті сатып алу-сату, мүліктік жалдау (жалға беру), сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
Міндеттері:
1) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру;
3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) ауданның экономикалық даму бағдарламасын мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру, экономикалық, бюджеттік мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету;
5) өз құзыреті шегінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін қалыптастыруды әдістемелік қамтамасыз ету;
6) ауданның фискальды және атқарушы органдармен бірлесіп, аудан бюджетінің жобасын жасау және үш жылдық мерзімге бюджеттің болжамдық көрсеткішін дайындау, тиісті заңнамаларға сәйкес бекітуге ұсыну;
7) ағымдағы қаржы жылы ішінде аудандық бюджетке өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін тиісті заңнамаларға сәйкес бюджетті бекіту шараларын алу;
8) аудан бюджетінің орындалуы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, аудандық бюджет кірісінің және қаржыландыру жоспарының орындалуына бақылау жасау;
9) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік, бюджеттік және қаржылық есепті қабылдау;
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерін мониторингілеу және талдау;
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері және орындалу барысы туралы талдамалы ақпаратты дайындау;
4) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру;
5) басым аудандық бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру;
6) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
7) аудандық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу және түзету бойынша қорытындылар дайындау, сондай-ақ ұсыныстар енгізу, сараптамалар жүргізу және консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтерді жүзеге асыру;
8) аудандық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
9) аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламалар жобаларында ұсынылған нәтижелік және тиімділік көрсеткіштерін аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі функцияларына, өкілеттіктеріне, бағыттарына сәйкестігі мәніне қарау;
10) бюджеттік қаржыландыру көлемімен қамтамасыз етілу бөлігінде аумақтың даму және салалық бағдарламаларын келісуді жүзеге асыру;
11) қадағаланатын аядағы /саладағы/ өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауға арналған жұмыстарды үйлестіру;
12) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
13) бөлім құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде заңнамаларға ұсыныстар беру, жасалған жұмыстарға мониторинг жүргізу;
14) ауданның тиісті қаржы жылдарына арналған бюджет жобасын ауданның тиісті фискальды және атқарушы органдарының қатысуымен дайындау, тиісті заңнамаларға сәйкес бекіту шараларын алу;
15) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің жылдық бекіткен жоспарына анықтамаға сәйкес өзгерістер енгізу;
16) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
17) ай сайын жоғары және жергілікті атқарушы органдарға белгіленген тәртіппен бюджеттің орындалуы туралы есеп беру;
18) жергілікті атқарушы органдар резерві қаражатының пайдалануына есеп пен талдау жасау;
19) жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекмелердің жергілікті бюджетті атқару жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері талаптарының сақталуын, жергілікті бюджеттен берілген қаражаттың, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жергілікті бюджетке таза кіріс үлесінің толық және уақытылы аударылуына бақылау жасайды;
20) аудандық бюджет қаражатын игеру мониторингісін, аудандық бюджет есебінің жүргізілуін қамтамасыз ету;
21) аудандық бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік даму бағдарламаларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
22) аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру;
23) коммуналдық мүлікті жалдауға (жалға), өтеусіз пайдалануға беру, сенімгерлікпен басқаруға беру жұмыстарын ұйымдастыру;
24) коммуналдық мүліктерді есептен шығару, мүлікті сату жөніндегі ұйымдастыру шараларын алу;
25) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру жөнінде сауда –саттық ұйымдастыру, өткізу, мүлікті сатып алу-сату шарттарын жасау және оның шарттарына сәйкес сатып алушылардың міндеттемелерді орындауын бақылау;
26) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;
27) жекелеген негіздер бойынша аудандық коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
28) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;
29) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорныдарды міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып жекешелендіру бойынша жұмыстарын ұйымдастырады;
30) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға беру жұмыстарын ұйымдастырып, бекітуге ұсынады;
31) өз құзыреті шегінде заңды тұлғалардың жарғысына (ережесіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға уәкілеттік беру бойынша ұсыныс бере алады;
32) есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және аудандық әкімдігіне, бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;
33) ай сайын аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға, тексеру комиссиясына ұсыну;
34) аудандық бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;
35) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
36) мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға рұқсат және өтінім беру;
37) шекара маңындағы аумақтарды, тіректі ауылдық елді мекендерді дамыту іс-шараларын жүзеге асыру;
38) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ауданның біртұтас экономикалық, бюджеттік, коммуналдық меншікті басқару саясатын жасауға бағытталған басқа да функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілдіктерін белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін Исатай ауданы әкімі бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлімнің қызметкерлерін көтермелеу шараларын немесе тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, бөлімнің қызметтік құжаттамасына, бұйрықтарына қол қояды;
5) барлық мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді және бөлімнің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
6) бөлімнің жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітеді;
7) бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларын қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қолдануына дербес жауапты болады;
8) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
9) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да өкілдіктерді жүзеге асырады.
«Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Жұмыс режимі
5-тарау. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
6-тарау. «Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату