Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

 

2020 жылғы  2 шілде                                                                                           Аққыстау ауылы

 

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» Исатай ауданы әкімінің 2020 жылғы 1 маусымдағы №21 шешіміне сәйкес жүргізілді.

 

Көрсетілген шешімнің 1-тармағына сәйкес «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобы құрылды.

 

Жұмыс тобының құрамы:

 

Муканов Рашид Тасанұлы      

-

аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының төрағасы.

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Амиров Серік Ибрагимұлы

-

аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінің басшысы;

 

Құрасова Мейрамгүл Күнтуғанқызы

-

аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы;

 

Бозбалиев Нұрасбек Рахатұлы

-

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы;

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2020 жылдың  1-2 шілде аралығы.

 

Талданатын мерзім: 2020 жылдың бірінші жарты жылдығы.

 

Талданатын объект туралы мәлімет:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі №12 үй, тел. 8-71-231-2-02-94, 2-04-87.

 

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әкім аппараты-жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

Заңның 38-бабына сәйкес әкім аппараты жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ережелерін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2012 жылғы 15 қарашадағы №206 қаулысына өзгеріс енгізу туралы аудан әкімінің 2020 жылғы 20 наурызда №43 қаулысымен бекітілген «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды.

  • «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік  құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Есепті кезеңде Исатай ауданы әкімдігімен 118-қаулы, Исатай ауданы әкімімен                  25-шешім, 124 өкім қабылданды.

Көрсетілген құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Атырау облысы Әділет  департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткен қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге қатысты Прокуратура және Әділет органдары тарапынан ұсыныстар мен наразылықтар түскен жоқ.

 «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат саны бойынша                    17 мемлекеттік қызметші. Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 17.

Есепті кезеңде жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің саны-5.           1. Р.Муканов аудан әкімі аппаратының басшысы, (тұрақты орын) 20.02.2020 ж. №28 ө.,

  1. С.Бегисинов аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімі басшысының міндеттерін уақытша атқарушы (тұрақты орын) 24.02.2020 ж. №32 ө.,
  2. А.Талғатқызы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы міндеттерін уақытша атқарушы (тұрақты орын) 24.02.2020 ж. №33 ө ,

Есепті кезеңде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлердің саны-0.

            Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Жыл  сайынғы еңбек  демалысына барлық мемлекеттік қызметші жіберілген.   Аудан әкімінің 2019 жылғы 6 наурыздағы №63 өкімімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары келісілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ. Өз қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін І жартыжылдықта 1 мемлекеттік қызметшіге «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылған 2020 жылдың 17 наурыздағы №53 өкімімен, 2 мемлекеттік қызметшіге «сөгіс» тәртіптік шарасы қолданылған 2020 жылғы 11 мамырдағы №86 ө., 2020 жылғы 12 мамырдағы №92 өкімімен және 1 мемлекеттік қызметшіге «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасы 2020 жылғы 20 мамырдағы №109 өкімімен қолданылған.

Ағымдағы жылдың 31 наурызға дейін мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының 2019 жылы алынған кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыру міндетті болып табылатындығы ескертілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

 

Мүдделер қақтығысын реттеу:

Ішкі талдау жүргізу кезінде Аппарат қызметкерлерінің арасында өздерінің лауазымдық өкілеттігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтарымен болған қарсылықтар фактісі анықталған жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетпейді.

 

Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

 

Бақылау функцияларын іске асыру:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын іске асырмайды.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Есепті кезеңде Исатай ауданы әкімінің атына 82 (оның ішінде 9 өтініш кері қайтарылған себебі мазмұны жоқ, адрестері қате) өтініш келіп түскен. Барлық түскен өтініштер қанағаттандырылды. Исатай ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алу және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жүктелген.

Тұрғын үй мәселесі бойынша 10 өтінішке түсінік берілді, жер мәселесі бойынша             4 өтінішке түсінік берілді, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 4 өтінішке түсінік берілді, қаржылай көмек көрсету туралы 3 өтінішке түсінік берілді, білім саласы бойынша 1 өтінішке түсінік берілді, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы мәселесі бойынша 3 өтінішке түсінік берілді, құқықтық көмек көрсету туралы 1 өтінішке түсінік берілді,  тағыда басқа әр түрлі мәселелерге байланысты 46 өтінішке түсінік берілді.

 

Прокурорлық кадағалау актілері:

Есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілері түспеген.

 

Сот актілері:

Есепті кезеңде сот актілері түспеген.

 

Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер.

Аппарат қызметкерлері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сын жарияланымдар болған жоқ.

 

Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық тәуелділігі анықталған жоқ.

 

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының төрағасы

 

                                         

 Р.Муканов

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім   басшысы

                                         

                                          М.Құрасова

Аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінің басшысы

                                                   

                                      С.Амиров                                           

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы

       

                                      Н.Бозбалиев

 

Дата публикации
30 октября 2020