Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркегендігі туралы хабарлайды:
Амиров Арслан Кибатоллаевич 1973 жылы туған, жұмыссыз, Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Ателов Нурдаулет Сериккалиевич 1990 жылы туған, басшы, «Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Исатай ауданы, Аққыстау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Тахаев Қуаныш Мәдиұлы 1994 жылы туған, ауылдық округ әкімінің орынбасары, «Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы