Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін (мемлекеттік кәсіпорын) құру туралы мүддесін білдіруін сұрату
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №103 «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Атырау облысы, Исатай ауданы әкімдігімен Атырау облысы Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Таза Исатай» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құруы жоспарлануда.
Осыған байланысты, жеке және заңды тұлғалардың осындай кәсіпорынды құру бойынша қызығушылық білдірген жағдайда, 2025 жылдың 18 наурызға дейін Атырау облысы Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Елорда көшесі, 54А, (2 қабат) мекен-жайына ұсыныстарыңызды жолдауды сұраймыз.
Байланыс үшін: (Махашов Ерболат Нұрлыбекұлы) тел.: +7 (701) 311-85-26