Исатай ауданы Зинеден ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
2025 жылғы 2 ақпанда Исатай ауданы Зинеден ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-бабына сәйкес, Исатай ауданы Зинеден ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:
Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 770 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 413. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны – 25. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 7.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
А.У.Адиловаға |
237 |
|
Е.С.Есмағилаға |
74 |
|
О.Т.Купбергеновке |
91 |
Зинеден ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған кандидат Адилова Айгул Уахитовна 1975 жылы туған, Исатай ауданы «Жалпы білім беретін Исатай орта мектебі» КММ-нің директоры, Атырау облысы Исатай ауданы Исатай ауылдық округі Исатай ауылының тұрғыны сайланды.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы