№136 учаскелік сайлау комиссиясының
мүшелері Н.Адилова мен Н.Кисимовтың
міндеттерін уақытша тоқтата тұру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- 2024 жылдың 5 қаңтарында №1 хаттамасына сәйкес Зинеден ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелген Адилова Айгул Уахитовнаға №136 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Адилова Назгул Уахитқызы, Кисимов Нурлан Болатович жақын туыстық және тікелей бағынышты адамдар болуына байланысты сайлау комиссиясының мүшелері міндеттерін орындау уақытша тоқтатылсын.
- Осы шешім Исатай аудандық мәслихатына және №136 учаскелік сайлау комиссиясына жіберілсін.
- Осы шешім Исатай аудандық аумақтық сайлау комисиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға
|
|
К. Губашев
|
|
Хатшы
|
|
Г. Сиранова
|
Аққыстау ауылы
2025 жылғы 5 қаңтар
№ 1