Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 7 қаулысына қосымша
2025 жылғы 2 ақпанға тағайындалған
Исатай ауданы Зинеден ауылдық округі әкімінің сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс – шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Исатай ауданы Зинеден ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау |
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды 2024 жылғы 25 желтоқсанға (113-1-б. 1-т. 3) тт., 3-т.) |
|
2. Сайлау округінің тізімін, олардың шекарасы орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2025 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей (22-б.) |
|
3. Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2025 жылғы 4 қаңтардан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2025 жылғы 9 қаңтардан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Исатай ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік 2025 жылғы 9 қаңтарға дейінгі мерзімде (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні 2024 жылғы 26 желтоқсаннан басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда 2025 жылдың 7 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. (113-3-б. 5-т.)
|
|
7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – «Сайлау туралы» Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
|
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.) |
|
8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттардың «Сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1 тт., 31-б.) |
|
9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттарды қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттардың осы «Сайлау туралы» Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.)
|
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі
|
|
|
|
Әкім болуға кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) |
|
14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын 2025 жылғы 12 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (113-5-б. 14-т.)
|
|
15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Исатай ауданының әкімдігі және Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Әкім болуға кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2025 жылғы 12 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 18:00 де басталып, 1 ақпанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Исатай ауданының әкімдігімен бірлесіп Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19. Әрбір сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Исатай ауданының әкімі 2025 жылғы 13 қаңтарға дейін дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын (24-б. 5-т.)
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2025 жылғы 18 қаңтарда дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2025 жылғы 23 қаңтардан кешіктірмей (18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу |
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2025 жылғы 30 қаңтардан ерте емес және 1 ақпаннан кеш емес (37-б. 3-т.) |
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2025 жылғы 2 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2025 жылғы 2 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы 2025 жылғы 2 ақпан жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8 т., 43-б.)
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесінiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жеткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.)
|
|
28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу |
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2025 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей
(113-10-б.) |
|
29. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 8 ақпанға дейін сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей (44-б. 4-т. 3) тт) |
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
|
|
|
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап 2025 жылғы 8 ақпанға дейін жеті күн мерзімде
Сайланған әкімдерден 2025 жылғы 8 ақпанға дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін
(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.