«Исатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

«Исатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы                   15 наурыздағы №42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Исатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Исатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5139-06 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Исатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

  • тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Исатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет

беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Исатай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
02 декабря 2024