Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 46-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 46-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5093-06 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

Аты-жөні

Дата публикации
08 ноября 2024