Исатай ауданы Жанбай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Исатай ауданы Жанбай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының  6) тармағына,      21-бабының 4 тармағына, 22-бабының 2 тармағына сәйкес Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Исатай ауданы Жанбай ауылдық округінің шекарасында Жанбай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімі мен шекарасы және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

                                     

Төраға

 

К. Губашев

Хатшы

 

Г.Сиранова

        

                                                              

                                   

 

Аққыстау ауылы

2024 жылғы 23 қазан

№ 4

 

Дата публикации
23 октября 2024