|
Исатай ауданы Жанбай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы |
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы және 2-тармағына сәйкес Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2024 жылғы 1 желтоқсанға Исатай ауданы Жанбай ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
2.Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған Исатай ауданы Жанбай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3.Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға |
К.Губашев |
|
Хатшы |
Г.Сиранова |
Аққыстау ауылы
2024 жылғы 23 қазан
№ 5