«Исатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 ақпандағы №36 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

«Исатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы

27 ақпандағы №36 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Исатай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Исатай ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 ақпандағы №45 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5139-06 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасындағы:

2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Исатай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

                                            Аты-жөні

 

 

Дата публикации
18 сентября 2024