Исатай ауданының әкімі Н.Мусиннің 2023 жылғы ІV тоқсандағы тұрғындармен кездесуінде түскен ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі ІС - ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ орындалысы

                                 

 

 

 

 

 

Исатай ауданының әкімі Н.Мусиннің 2023 жылғы ІV тоқсандағы тұрғындармен

кездесуінде  түскен ұсыныс-пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС - ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ

орындалысы

 

№

Ұсыныс беруші

Мәселенің мазмұны

Іске асыру шаралары

Орындалысы

 

 

Жанбай ауылдық округі

1

Исмагулов Асқар

ауыл тұрғыны

Каналдың жарылу себебінен Қайран суат көпірінен арғы бетке өту үшін топырақ төгіп техника өтуге жағдай жасауды сұраймын

«Қазсушар» РМК Атырау филиалының директорына

 ұсыныс хат жазуға

Аудан көлеміндегі каналдардың бірқатар аралықтары  жермен деңгейлес болуы салдарынан айдалған  су далаға шығып кету фактілерін болдырмау мақсатында  2024 жылдың    11 қаңтарында аудан әкімі орынбасарының  қолымен «Каз сушар» РМК Атырау филиалының директорына хат жазылды.

23 қаңтар күні  «Төменгі  Жайық Суландыру»  Атырау  филиалының Махамбет ауданының мамандарымен бірлесіп каналдарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Аталған мекеме  ақпан  айының                     26 күні   «Қайран суат»  көпірін   техникаларымен  жөндеді

2

Абилхайыров Қадырбек

ауыл тұрғыны

Ауылда бұралқы иттер көбейіп барады, аулап азайтуға.

Тиісті шаралар алуға

2024 жылға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 2(екі) рет конкурс жарияланып,жеңімпаз анықталмауына байланысты өтпеді деп танылды. Қазіргі уақытта Атырау қаласынан «Forward Star» мекемесіне шақырту жіберіліп,келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.

Исатай ауданында ауланатын иттерге уақытша ұстау орны бар,  заңға сәйкес бұралқы иттерді аулау, уақытша ұстау, вакцинациялау, жансыздандыру  қызметін көрсететін арнайы  тіркелген мекемелер жоқ.

3

Аман Ибатов

ауыл тұрғыны

Жанбай ауылында салынып жатырған жолдың екінші қабаты төсеу мәселесі

Жолдың екінші қабатын сапалы уақытылы аяқтау

Ірі түйіршікті асфальт қабаты (1 қабат) толықтай төселген,  2024 жылы толықтау аяқтау жоспарлануда.

Саз мектебін салу

Жобалық сметалық құжаттамасын аяқтап қаржысын сұратуға

Жанбай ауылына саз мектебін салуға 100 орындық саз мектебі құрылысына ЖСҚ жасақтауға 10,6 млн теңге қажет.

Білім беру басқармасы тарапынан салалық қорытынды жасақталып, Атырау облыстық құрылыс басқармасына сұраныс хат жолданған.

 

Нарын ауылдық округі

4

Құбиев Нұрсұлтан            ауыл тұрғыны

Ауыз су желісі бойынша құдықтарға өрт сөндіру гидранттарына жөндеу жұмыстарын  жүргізу, тазалау.

Мәселені шешу бағытында тиісті шаралар алуға

2024 жылға сметалық құжаттары жасалып, бюджеттік өтінім берілді.

Аудан бөлім басшыларын тұрғындармен кездесу ұйымдастыру (электр, газ, су)

Ауыл тұрғындарына бөлім басшыларымен кездесу жиналысын ұйымдастыру

2023 жылы 22 желтоқсан күні Нарын ауылында  аудан бөлім басшыларын тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып түсіне алмай жүрген сұрақтарға жауап берілді.

5

Уткелбаева Зарипа

 ауыл тұрғыны

Арай – Мұнайшы көшелеріне қатты табанды жол салу

Көшеге жол салу шараларын алуға

Мұнайшы – Арай көшелеріне  қатты табан жол салуға сұраныс беріліп, 2023-2025 жылдардағы  аудандық іс-шара жоспарына енгізілді.

 

Қамысқала ауылдық округі

6

Кенжеахметова Зинагүл

ауыл тұрғыны

И.Жұбанов көшесіне  балалар ойын алаңы мен қатты қоқыс салатын контейнер орнату

Мәселені шешу бағытында тиісті шаралар алуға

Ағымдағы жылдың наурыз айында И.Жұбанов көшесіне  қатты қоқыс салатын контейнер орнатылды
 19 маусым күні балалар ойын алаңы ашылды

7

 Әубәкірова Айман 

көп балалы жас ана,ауыл тұрғыны

И.Жұбанов көшесіне  жол салу мәселесі

Көшеге жол салу шараларын алуға

Жол құрылысы жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы аяқталу жоспарлануда.

9

Қадымова Сағия зейнеткер

ауыл тұрғыны

«ҚазСушар» кәсіпорнында жұмысшыларына жағдай жасау.

Осы мекеменің адамдарының алдындағы жауапкершілігін қадағалау

«Қазсушар» РМК Атырау филиалының директорына

мәселені баяндап

 хат жазуға

«Қазсушар» ШЖҚ РМК Атырау филиалының қызметкерлерінің өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы, аудан аумағындағы шаруашылық өкілдерінің ұсыныс пікірлеріне, өтініштеріне мән берілуі қажеттілігі туралы мекеме басшысы А.Рысжановтың қаперіне берілді.

10

Абдолов Меңдібек

ауыл тұрғыны,

Ж.Айтбаев көшесіне асфальт төсеу мәселесі.

Көшеге жол салу шараларын алуға

Жол құрылысы жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы аяқталу жоспарлануда.

Ауылда бұралқы иттер көбейіп барады, аулап азайтуға.

Тиісті шаралар алуға

2024 жылға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 2(екі) рет конкурс жарияланып,жеңімпаз анықталмауына байланысты өтпеді деп танылды. Қазіргі уақытта Атырау қаласынан «Forward Star» мекемесіне шақырту жіберіліп,келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.

Исатай ауданында ауланатын иттерге уақытша ұстау орны бар,  заңға сәйкес бұралқы иттерді аулау, уақытша ұстау, вакцинациялау, жансыздандыру  қызметін көрсететін арнайы  тіркелген мекемелер жоқ.

11

Махамбетов Марат

зейнеткер, ауыл тұрғыны

Ы.Абилов көшесіне көше шамдарына қойып кеткен бағандарына прожекторды ілмей кетті. Не жағдай екенін анықтап берулеріңізді сұраймын.

Мәселені зерделеп баяндауға

Х.Ерғалиев ауылындағы көше жарығы құрылысы 2023 жылғы шілде айында басталып, 2023 жылғы қараша айында аяқталды, ауылдың барлық көшелеріне, оның ішінде Ы.Абилов көшесіне прожекторлар орнатылды.

12

Мурзин Марат

қожалық басшысы

Каналдарды қоға басу мәселесі

Тиісті шараларын алуға

2024 жылдың мамыр айында  «КазТрансОйл» ЖШС-нің  2 арнайы техникасымен Махамбет ауданына қарасты Сарытоғай ауылдық округі жерінен бастау алатын Нарын каналының Қамысқала ауылдық округіне келетін жері Тасоба елді мекеніндегі «Нарын» каналынан өтетін көпірдің маңына жабайы талдар, қалың жыңғылдар мен қопа мен қоғадан көпір асты бітеліп су өткізу мүмкіндігі баяулаған жерлері ашылып, тазаланды.

13

Арыстанов Қалиахмет

ауыл тұрғыны

Жасқайрат елді мекеніне дейін жол салу

Мәселені зерделеп ұсыныс беруге

Исатай ауданының 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қызыл үй және Жасқайрат елді мекендеріне кірме жол салу үшін ЖСҚ жасақтау 2025 жылы, құрылысы 2026-2027 жылдарда тұрғанын хабарлайды.

14

Макулов Құрманғали

ауыл тұрғыны

М.Қалиев көшесінен орталыққа дейінгі екі араға жаяу жүргіншілер жолы керек.

Мәселені зерделеп ұсыныс беруге

Мәселе зерделеніп, алдағы жасалатын жобаларға енгізілетін болады.

15

Мусина Айгүл

мүгедек, ауыл тұрғыны

Апатты  жағдайда үйді кезекке  койып,  үй алуына көмек сұрайды

Тиісті шараларын алуға

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде «жалғыз тұрғын үй апатты деп танылған» санаты бойынша 23024 жылдың 15 ақпанында тұрғын үй кезегіне тіркеліп, №56 болып кезекте тұр.

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 74 бабының 1 тармағы негізінде тұрғын үй барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен қаралып, беріледі және қазіргі таңда бос тұрғын үй қорының болмауына байланысты көмектесуге мүмкіндік жоқ екендігі түсіндіріледі.

 

Аққыстау ауылдық округі

18

Жолдыбаева Ақсәуле

Аққыстау ауылының тұрғыны

Қаратүбек көше жарығы мәселесі

Тиісті шараларын алуға

Аққыстау ауылы және Өркен елді мекені көше жарығы құрылысы 2023 жылғы қыркүйек  айында басталып, 2024 жылғы ақпан айында аяқталды,   оның ішінде Қаратүбек мөлтек ауданы көшелеріне жарық шамдарымен қамтамасыз етілді

19

Мендигалиева Гулдаурен

Аққыстау ауылының тұрғыны

Жамбыл көшесіне жол салып, көше жарығын  қосу

Мәселені шешу бағытында тиісті шараларын алуға

Аққыстау ауылы және Өркен елді мекені көше жарығы құрылысы 2023 жылғы қыркүйек  айында басталып, 2024 жылғы ақпан айында аяқталды,   оның ішінде Жамбыл көшесіне де жарық шамдары орнатылды.

20

Қабделов Самат

Аққыстау ауылының тұрғыны

Трасса бойына жаяу жүргінші жолын  салу мәселесі

 «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалына мәлені көрсетіп хат жолдауға 

Алдағы жасалатын жобада қарастырылатын болады.

21

Халидуллин Боранбай

Аққыстау ауылының тұрғыны

Аққыстау орта мектебінің алдының жолын кеңейту мәселесі

Мәселені шешу бағытында тиісті шараларын алуға

Алдағы жасалатын жобада қарастырылатын болады.

22

Мұхтаров Құрманғали

Аққыстау ауылының тұрғыны

Абай орта мектебінің   стадионын күрделі жөндеуден өткізу  мәселесі

Облыстық білім беру басқармасына ұсыныс беру

Абай орта мектебінің   стадионының жер телімін Аққыстау ауылдық округі балансына беру бойынша құжаттар тапсырылды.

Аудан бойынша  болатын қай мәселені де қоғамдық кеңеспен келісу

Ұсынысты жүзеге асыру шараларын алуға

 

Жол белгілерін онату,қалыпқа келтіру мәселесі

Жол белгілерін орнату шараларын алуға

Жолды күтіп-ұстау бойынша мердігер анықталғаннан кейін жасалатын болады. Облыс арқылы конкурс ашылды, жеңіпазды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

23

Nurbol_hulya (әлеуметтік желіден)

Соңғы салынып жатырған 60 үйлік қандай санатқа және кімдерге беріледі

Анықтама беруге

Санаты анықталған жоқ. Құрылсы жұмысы аяқталып, тапсырылғаннан кейін белігілі болады. Тұрғын үй комиссиясы арқылы берілетін болады.

24

Sadixov_73

(әлеуметтік желіден)

З.Ғұмаров көшесіне жол мәселесі

Көшеге жол салу шараларын алуға

Жер жұмыстары жасалды. Мердігер мекемемен келісім шарт бұзылды. Қазіргі уақытта сот процесі өтуде.

Тұщықұдық ауылдық округі

 

Есенов Бораш,

Тұшықұдық ауылдық округі.

Қызыл үй,Дүтбай Жұмағазы каналдарына жеткілікті мөлшерде  су айдау жүмыстарын жүргізу.

2024 жылдың наурыз  айы

«Исатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Казсушар»  РМК Атырау филиалымен 2024 жылғы 23 ақпандағы келісім шартқа сәйкес, Нарын каналы арқылы «Қызыл үй» каналына 2024 жылдың сәуір айында көлемі 48261,802 текше метр су айдалды.

 

Сұпығалиев Қабдығали Тұшықұдық ауылдық округі.

Бақсай каналы бойындағы қамыс,қоғаны тазарту жұмыстарын жүргізу.

2024 жылдың наурыз айы

Бақсай суару-суландыру жүйесі (Бақсай-каналы) 1950 жылдан бастап пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 137 шақырым болса, оның Исатай ауданы көлемінде ұзындығы 73,4 шақырым. Исатай ауданының Қамысқала, Тұщықұдық, Аққыстау ауылдық округтерінің жерімен өтеді.

Республика бойынша «120 каналды қалпына келтіру» жобасына сәйкес, №254 «Су ресурстарын тиімді пайдалану» бюджеттік бағдарламасының №113 «Сумен жабдықтау жүйесін, гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау» кіші бағдарламасы шеңберінде Махамбет және Исатай аудандарындағы суармалы егістік, лимандық және жайылымдық жерлерді суландырып отырған «Бақсай» каналын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен қаражат бөлу жоспарланған.

Құрылысқа тапсырыс беруші: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті, Мердігер мекеме ЖШС «Гидроқұрылыс», жобалушы мекеме ЖШС «Уралводпроект», техникалық қадағалушы ЖШС «Экспресс-Энерго».Аталған мекемелер ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитетімен келісім-шартқа отырған.

«Уралводпроект» ЖШС-і жасаған жобаға сәйкес, «Бақсай» каналының Исатай ауданының аумағында жер жұмыстарынан барлығы 16,2 км канал арнасын аршу және канал дамбаларын бекіту, қамыс, қоғадан тазарту қарастырылған. Мердігер мекеме 2022 жылы Побочный участогіндегі 6,2 км жер жұмыстарын жасады.

               

 

Дата публикации
09 июля 2024