Исатай ауданы бойынша 2024 жыл ІІ тоқсан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша ақпарат
Аудандық әкімдікте 7 ауылдық округ әкімінің аппараттары және
6 құрылымдық бөлімдер арқылы 48 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Аталған қызметтердің 41-і, яғни 85,4% автоматтандырылған (толықтай/ішінара).
2024 жыл І тоқсан бойынша барлығы 1566 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 70 электронды түрде («электронды үкіметтің» веб-порталы және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы) 1459, мемлекеттік органдарда 37, балама түрде көрсетілгені 0.
***Электронды қызмет көрсету барысында қолданылатын ақпараттық жүйелер:
Электронды түрде мемлекеттік қызметтер көрсету барысында қолданыстағы ақпараттық жүйелер:
Әр түрлі саладағы мекеме қызметшілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық түрде алу мүмкіндігін түсіндіретін қысқаша онлайн курс ұйымдастырылып, алдын-ала жасақталған жоспар-кестеге сәйкес, 2024 жыл ІІ тоқсан бойынша 1 мекемеден 12 қызметші оқытылды. Электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерде 5 шығарылым, Мемлекеттік органдардың онлайн түрде қатысуымен 1 жәрмеңке, 1 тікелей эфир және жергілікті «Нарын таңы» газетінің сайтына 1 мақала жарияланды.
Ішкі бақылау жоспарына сәйкес 4 ауылдық округ әкімі аппараты және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөліміне 5 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді, 3 заң бұзушылық анықтады.