Исатай ауданы бойынша 2024 жыл І тоқсан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша ақпарат

Исатай ауданы бойынша 2024 жыл І тоқсан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша ақпарат

Аудандық әкімдікте 7 ауылдық округ әкімінің аппараттары және
6 құрылымдық бөлімдер арқылы 48 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Аталған қызметтердің 41-і, яғни 85,4% автоматтандырылған (толықтай/ішінара).

        2024  жыл І тоқсан бойынша барлығы 2581 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация  арқылы 58 электронды түрде («электронды үкіметтің» веб-порталы және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы) 2452,  мемлекеттік органдарда  71, балама түрде көрсетілгені 0.

***Электронды қызмет көрсету барысында қолданылатын ақпараттық жүйелер:                

       Электронды түрде мемлекеттік қызметтер көрсету барысында қолданыстағы ақпараттық жүйелер:

  • «Е-лицензиялау»(ЖҚ, С және ҚҚ бөлімі, АШ және кәсіпкерлік бөлімі, ТКШ ЖК және АЖ бөлімі);
  • «Е-atyrau» (жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі)
  • «Kezekte»(ТКШ ЖК АЖ және ТИ бөлімі);
  • «Е-собес» (ЖҚ және ӘБ бөлімі)
  • «Енбек.кз» (ЖҚ және ӘБ бөлімі)
  • Әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі

Әр түрлі саладағы мекеме қызметшілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық түрде алу мүмкіндігін түсіндіретін қысқаша онлайн курс ұйымдастырылып, алдын-ала жасақталған жоспар-кестеге сәйкес,                   2024 жыл І тоқсан бойынша 10 мекемеден 59 қызметші оқытылды. Электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерде 8 шығарылым, Мемлекеттік органдардың онлайн түрде қатысуымен 2 жәрмеңке және жергілікті «Нарын таңы» газетінің сайтына 2 мақала жарияланды.

Ішкі бақылау жоспарына сәйкес 2 ауылдық округ әкімі аппараты мен
2 бөлімге 4 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді, 1 заң бұзушылық анықтады.

Дата публикации
02 мая 2024