Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы               31 наурызға № 6 және 10 бірмандаттық сайлау округтері бойынша шығып қалған Атырау облысы Исатай аудандық мәслихаты депутаттарының орнына сайлауды тағайындады.

 

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы                        31 қаңтардан басталады.

 

Округ орталығы:

№6 округ: Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі 12а, "Аққыстау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон: 8(71231) 2-02-45.

№10 оруг: Аққыстау ауылы, Елорда 54А көшесі, тел: 8 (71231) 79-0-10.

 

Округ шекаралары: 

№6 округ: Аққыстау ауылының Егемен Қазақстан, З.Ғұмаров, Жауқазын, Т.Мусағалиев, Н.Сүгірұлы, Ынтымақ, Елорда көшелері.

 

№10 округ: Жанбай ауылдық округі.

 

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
31 января 2024