Исатай ауданының 2023 жылы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы туралы ақпараты

Исатай ауданының 2023 жылы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы туралы ақпараты

Аудандық әкімдікте 7 ауылдық округ әкімінің аппараттары және
6 құрылымдық бөлімдер арқылы қазан айына дейін 55 түрлі, қазан айынан бастап 48 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Аталған қызметтердің
41-і, яғни 85,4% автоматтандырылған (толықтай/ішінара).

        2023 жыл бойынша барлығы 7056 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация  арқылы 535, электронды түрде («электронды үкіметтің» веб-порталы және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы)
6242,  мемлекеттік органдарда  279, балама түрде көрсетілгені 0.

***Электронды қызмет көрсету барысында қолданылатын ақпараттық жүйелер:                

       Электронды түрде мемлекеттік қызметтер көрсету барысында қолданыстағы ақпараттық жүйелер:

  • «Е-лицензиялау»(ЖҚ, С және ҚҚ бөлімі, АШ және кәсіпкерлік бөлімі, ТКШ ЖК және АЖ бөлімі);
  • «Е-atyrau» (жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі)
  • «Kezekte»(ТКШ ЖК АЖ және ТИ бөлімі);
  • «Е-собес» (ЖҚ және ӘБ бөлімі)
  • «Енбек.кз» (ЖҚ және ӘБ бөлімі)
  • Әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі

Әр түрлі саладағы мекеме қызметшілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық түрде алу мүмкіндігін түсіндіретін қысқаша онлайн курс ұйымдастырылып, алдын-ала жасақталған жоспар-кестеге сәйкес,                   2023 жыл бойы 55 мекемеден 360 қызметші оқытылды. Электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерде 31 шығарылым, Мемлекеттік органдардың онлайн түрде қатысуымен 2 жәрмеңке және аудан орталығында ашық алаңда көшпелі жәрмеңке және жергілікті «Нарын таңы» газетінің сайтына 1 мақала, «Нарын таңы» газетіне 15 мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсынан 2 маман өткізілді.

Ішкі бақылау жоспарына сәйкес 7 ауылдық округ әкімі аппараты мен
5 бөлімге 12 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді, 2 заң бұзушылық анықталып, 1 лауазымды тұлғаға «ескерту» тәртіптік жазасы қолданылды.

 

 

 

Дата публикации
26 января 2024