Зейнетақы жинақтарының жай-күйін тексеріп тұрған дұрыс па? Оны қалай істеуге болады? Түсіндіріп жіберіңізші...

Зейнетақы жинақтарының жай-күйін тексеріп тұрған дұрыс па? Оны қалай істеуге болады? Түсіндіріп жіберіңізші... 

БЖЗҚ өз салымшыларына (алушыларына) жеке зейнетақы шотындағы (бұдан әрі – ЖЗШ) өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін тұрақты негізде қадағалауға кеңес береді. Сонымен қатар, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңызға зейнетақы жарналарының/БЗТ уақытылы аударылуын/түсуіне баса назар аударған жөн. Өкінішке орай, жұмыс беруші өз міндеттемелерін орындамайтын немесе толық орындамайтын жағдайлар да бар. Сондықтан өз ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін жүйелі түрде тексеру артық болмайды.

ЖЗШ-дан үзінді көшірме алу – салымшылардың (алушылардың) заңмен бекітілген құқығы.  Қазір жинақтар туралы ақпарат алудың ең ыңғайлы тәсілі – сайттағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы Жеке кабинет. Ақпарат алудың осы әдісін қолдану үшін Жеке кабинетте бір рет тіркелу қажет. Мұны БЖЗҚ дерекқорында тіркелген телефон нөміріне келетін SMS алу арқылы жасауға болады. Сондай-ақ, тіркелуді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне бару арқылы іске асыруға болады.

Бұдан басқа, салымшылар мен алушылар жинақтар туралы ақпарат алудың бұрын таңдаған тәсілдерін қолдана алады: электрондық пошта арқылы БЖЗҚ-ға ұсынылған мекенжайға, тікелей БЖЗҚ кеңсесіне жүгінген кезде, пошта байланысы қызметтері арқылы.

Естеріңізге сала кетейік, салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы 10 күнтізбелік күн ішінде хабарлауы қажет. 

 

Дата публикации
12 декабря 2023