Исатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 285-V «Исатай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның 2 тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның 5 тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.».
|
Лауазымы |
Аты-жөні |