2023 жылдың 5 қарашаға тағайындалған Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің сайлауын пилоттық режимде ұйымдастыру кезінде кандидаттарға эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру туралы бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2023 жылдың 5 қарашаға тағайындалған Атырау облысы

Исатай ауданы әкімінің сайлауын пилоттық режимде ұйымдастыру кезінде кандидаттарға эфир уақыты мен баспасөз бетінен

орын беру туралы бұқаралық ақпарат құралдарына,

онлайн-платформаларды пайдаланушыларға

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2023 жылғы 5 қазаннан кешіктірмей кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға–отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кандидаттарға эфир уақыты  мен баспасөз бетінен орын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді  tic_atr_ist@saylau.kz электрондық почтасына жіберулеріңізді сұраймыз.

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

тел: 8 71231 7-90-10

интернет-сайт: atyrau.gov.kz

tic_atr_ist@saylau.kz

 

Дата публикации
19 сентября 2023