2023 жылдың 5 қарашаға тағайындалған Атырау облысы
Исатай ауданы әкімінің сайлауын пилоттық режимде ұйымдастыру кезінде кандидаттарға эфир уақыты мен баспасөз бетінен
орын беру туралы бұқаралық ақпарат құралдарына,
онлайн-платформаларды пайдаланушыларға
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2023 жылғы 5 қазаннан кешіктірмей кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға–отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кандидаттарға эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді tic_atr_ist@saylau.kz электрондық почтасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
тел: 8 71231 7-90-10
интернет-сайт: atyrau.gov.kz