Исатай ауданы Зинеден және Исатай ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауының қорытынды хабары
2023 жылғы 17 қыркүйектегі Исатай ауданы Зинеден және Исатай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 4 бабының 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Исатай ауданы Зинеден және Исатай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:
Зинеден сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 778 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 482. Жарамсыз бюллетеньдер саны 9, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Р.Н.Есқалиға 77
Е.Е.Махсотовқа 292
Н.Н.Мұратқа 101
Зинеден ауылдық округінің әкімі болып Махсотов Ерлан Ескиндерович 1981 жылы туған, «Зинеден ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің әкімі, Исатай ауданы, Зинеден ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Исатай аудандық филиалы ұсынған кандидат сайланды.
Исатай сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 886 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 573. Жарамсыз бюллетеньдер саны 1, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
А.Ж.Ғұбашқа 397
Н.Ж.Қабдығалиевке 64
Қ.М.Тахаевқа 108
Исатай ауылдық округінің әкімі болып Ғұбаш Асылан Жарылғасұлы 1977 жылы туған, «Исатай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің әкімі, Исатай ауданы, Исатай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Исатай аудандық филиалы ұсынған кандидат сайланды.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы