Атырау облысы Исатай ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы

 

Атырау облысы Исатай ауданының

әкімін сайлауды тағайындау туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1 тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес және Атырау облыстық мәслихатының «Атырау облысында аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің пилоттық сайлауы туралы» 2023 жылғы                 8 қыркүйектегі №48-VIII шешімі негізінде Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атырау облысы Исатай ауданының әкімін сайлау 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалсын.
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Атырау облысы Исатай ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға     

К. Губашев

 

 

Хатшы     

 

 

Г. Сиранова

        

                                                              

                                   

 

 

Аққыстау ауылы,

2023 жылғы 15 қыркүйек

№12

Дата публикации
15 сентября 2023