Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы
15 қыркүйек №12 қаулысына қосымша
2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Атырау облысы
Исатай ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен
өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
|
1. Аумақтық сайлау округін құру туралы қаулы қабылдау |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 15 қыркүйек (14-б. 6) т., 21-б. 4-т.) |
|
|
2. Атырау облысы Исатай ауданының әкімін сайлауды тағайындау |
||
|
|
Пилоттық өңірлердің тізбесі және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәслихаттың шешімі негізінде Исатай аудандық сайлау комиссиясы кемінде елу күн бұрын 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін (113-1-б. 1-т. 2-т), 2-т.)
|
|
|
3. Аумақтық сайлау округі оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2023 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей (22-б. 2-т.) |
|
|
4. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2023 жылғы 25 қыркүйектен кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
|
5. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2023 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
|
6. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
||
|
|
Исатай ауданы әкімдігі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін (23-б. 5-т.)
|
|
|
7. Әкім болуға кандидаттар ұсыну
|
||
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер, сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні 2023 жылғы 16 қыркүйектен басталады және сайлау өткізілетін күнге отыз күн қалғанда 2023 жылғы 5 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады. (113-3-б.)
|
|
|
8. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы (4-б., 113-2-б.)
|
|
|
9. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
|
10. Әкім болуға кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
|
11. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілді органның қызметкерлерін тарта отырып, қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8,9-т.)
|
|
|
12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
||
|
|
Әкім болуға кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
|
13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
||
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
|
14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
||
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
|
15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін 2023 жылғы 16 қыркүйектен басталады және 2023 жылғы 10 қазанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады (113-5-б.)
|
|
|
16. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
|
17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
||
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Исатай аудандық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
|
18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
||
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2023 жылғы 10 қазан жергілікті уақыт бойынша 18:00 де басталып, 4 қараша жергілікті уақыт бойынша 00:00 сағатта аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
|
19. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Исатай аудандық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
|
20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
||
|
|
Тиісті әкімдер 2023 жылғы 15 қазанда дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын (24-б. 5-т.)
|
|
|
21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2023 жылғы 20 қазанда дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда (26-б. 1-т.)
|
|
|
22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2023 жылғы 25 қазаннан кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2023 жылғы 2 қарашадан ерте емес және 4 қарашаға дейін (37-б. 3-т.)
|
|
|
24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2023 жылғы 5 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
|
25. Дауыс беруді өткізу |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні 2023 жылғы 5 қараша, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
|
26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2023 жылғы 5 қараша жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.)
|
|
|
27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
|
28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
|
29. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2023 жылғы 8 қарашадан кешіктірмей (113-10-б.) |
|
|
30. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 11 қараша сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей (44-б.) |
|
|
31. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
||
|
|
Исатай аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде 2023 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей, сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.