Исатай ауданының Исатай және Зинеден ауылдық округтерінің
әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Исатай және Зинеден ауылдық округтері әкімдеріне төмендегі кандидаттарды тіркеді:
Исатай ауылдық округі бойынша:
- Ғұбаш Асылан Жарылғасұлы, 1977 жылы туған, Исатай ауылдық округі әкімі, Исатай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.
- Қабдығалиев Нұрберген Жұмақұлұлы, 1994 жылы туған, жеке кәсіпкер, Аққыстау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
- Тахаев Қуаныш Мәдиұлы, 1994 жылы туған, Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары, Атырау қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Зинеден ауылдық округі бойынша:
- Есқали Ринат Нәбидоллаұлы, 1989 жылы туған, «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
- Махсотов Ерлан Ескиндерович, 1981 жылы туған, Зинеден ауылдық округінің әкімі, Зинеден ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.
- Мұрат Нұрлан Насихатұлы, 1987 жылы туған, Жалпы білім беретін Қызылүй негізгі мектебінің директоры, Аққыстау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы