Исатай ауданы Исатай және Зинеден ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Исатай ауданы Исатай және Зинеден ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1 тармағы            1 тармақшасы  және  2  тармағына сәйкес Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.2023 жылғы 17 қыркүйекке Исатай ауданы Исатай және Зинеден ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.

2.Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалған Исатай ауданы Исатай және Зинеден ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3.Осы қаулы Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

                                              

Исатай аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы

 

К.Губашев

 

Исатай аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы

                

 

Г.Сиранова

 

                                                                       

 

                                              

Аққыстау ауылы

2023 жылғы 9 тамыз

№ 9

Дата публикации
09 августа 2023