Исатай ауданы бойынша 2023 жылдың І тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша ақпарат

Исатай ауданы бойынша 2023 жылдың  І тоқсаны  бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша ақпарат

Аудандық әкімдікте 7 ауылдық округ әкімінің аппараттары және                6 құрылымдық бөлімдер арқылы 55 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Аталған қызметтердің 48-і, яғни 87% автоматтандырылған (толықтай/ішінара).

        2023 жылдың 3 айы бойынша барлығы 2145 (2022 жылы есептік кезеңде 2156 қызмет) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация  арқылы  168 (2022 жылы есептік кезеңде 285 қызмет)  (7,8%),  электронды түрде («электронды үкіметтің» веб-порталы және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы)  1959 (2022 жылы есептік кезеңде 1822 қызмет)  қызмет (91,3%), мемлекеттік органдарда   18 (2022 жылы есептік кезеңде                    49 қызмет)  (0,8%) , балама түрде көрсетілгені 0 (2022 жылы есептік кезеңде                 0 қызмет) (0%).

***Электронды қызмет көрсету барысында қолданылатын ақпараттық жүйелер:                

       Электронды түрде мемлекеттік қызметтер көрсету барысында қолданыстағы ақпараттық жүйелер:

  • «Е-лицензиялау»(ЖҚ, С және ҚҚ бөлімі, АШ және кәсіпкерлік бөлімі, ТКШ ЖК және АЖ бөлімі);
  • «Е-atyrau» (жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі)
  • «Е-АХАТП»(ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі);
  • «Kezekte»(ТКШ ЖК және АЖ бөлімі);
  • «Е-собес» (ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі)
  • «Енбек.кз» (ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі)
  • Әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі

Әр түрлі саладағы мекеме қызметшілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық түрде алу мүмкіндігін түсіндіретін қысқаша онлайн курс ұйымдастырылып, алдын-ала жасақталған жоспар-кестеге сәйкес                      2023 жылдың 3 айында 10 мекемеден 58 қызметші оқытылды. Электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерде         10 шығарылым, жергілікті «Нарын таңы» газетіне  9 мақала жарияланды. Мемлекеттік органдардың онлайн түрде қатысуымен            1 жәрмеңке және аудан орталығында ашық алаңда көшпелі жәрмеңке ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсынан мамандар өткізілмеді.

Ішкі бақылау жоспарына сәйкес 2 бөлім мен 1  ауылдық округ әкімі аппаратына 3 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді, 2 заң бұзушылық анықталып, 1 лауазымды тұлғаға «ескерту» тәртіптік жазасы қолданылды.

 

 

Дата публикации
16 мая 2023