Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілмен
2022 жылдың ІV тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар туралы
2022 жылғы IV тоқсанында Исатай ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілмен төмендегідей жұмыстар атқарылды:
- Исатай ауданы әкімді аппараты, дербес бөлімдер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Әдеп кодексінің талаптары бойынша түсінік жұмыстары, семинарлар жүргізілді;
- Әдеп кодексінің талаптарын және қолданыстағы басқа да заңнамалардың талаптарын сақтау бойынша 14 тұлғаға, оның ішінде
11 мемлекеттік қызметкер, 3 жеке тұлғаға консультативті көмек көрсетілді;
- Аудан әкімдігінің ресми сайтында тұрғындарға арналған анонимді сауалнама (13 тұрғын қатысты) және аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметкерлер арасында анонимді сауалнама жүргізіліп
(55 мемлекеттік қызметші қатысты), нәтижесіне талдау жұмыстары ұйымдастырылды;
- 2022 жылғы 30 желтоқсанда «Caspian News» телеарнасының «Elge Qyzmet» бағдарламасында аудан әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы есеп бердім;
- Исатай ауданы жер қатынастары және сәулет, қалақұрылысы бөлімінің бас маманы Б.Сегізбайдың мемлекеттік қызметі туралы бейнесюжет түсіріліп, әлеуметтік желілердегі ресми парақшама орналастырылды;
- Мемлекеттік қызметшілер үшін тегін аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығу, «Барыс» футбол залында аптасына 2 рет футбол ойындары ұйымдастырылды;
- Жалпы әлеуметтік желілерге, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге сыни бағыттағы посттар мен жариялымдарға мониторинг жүргізілуде.
Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.