Исатай ауданы бойынша 2022 жылдың 12 айы қорытындысы бойынша бірінші басшылардың қабылдауы 24 рет өткізілді. Қабылдауда барлығы 46 адам болды. Қабылдауда болған 34 тұрғынға заң аясында түсінік беріліп, 12 тұрғынның мәселесі оң шешілді.
Қабылдауға келген тұрғындардың негізгі мәселелері тұрғын үй және ьұрақты жұмысқа орналасу мәселесі.
Аудан әкімдігінің әлеуметтік желілері (instagram, facebook, telegram) арқылы өтініштерді қабылдау, жеке қабылдауға жазылу, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтар бойынша ақпараттық материалдарды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Жауапты маман тұрақты мониторинг жасап отырады.
Мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурсына (www.gov.kz) жеке және заңды тұлғалар өздерін толғандырған мәселелері бойынша заң шеңберінде аудан әкімі блогы арқылы түсінік алу мүмкіндіктері ұйымдастырылуда.
Аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының тұрғындарды қабылдау туралы кестесі аудандық «Нарын таңы» газетіне тоқсан сайын жарияланып отырылады. Сондай-ақ Мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурсына (www.gov.kz) аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысының және ауылдық округ әкімдері мен құрылымдық бөлім басшыларының қабылдау кестесі жарияланған.