2022 жылдың 3 тоқсанында көрсетілген мемқызметтер есебі

Исатай ауданы бойынша 2022 жылдың  ІІІ тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша ақпарат

Аудандық әкімдікте 7 ауылдық округ әкімінің аппараттары және                7  құрылымдық бөлімдер арқылы 46 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. (3 стандарт бойынша қағаз жүзінде, 6 қызмет балама, 37 қызмет электронды форматта). Аталған қызметтердің 40-ы, яғни 87% автоматтандырылған (толықтай/ішінара).

        2022 жылдың ІІ тоқсаны бойынша барлығы 1470 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация  арқылы  240 (16,3%) электронды түрде («электронды үкіметтің» веб-порталы және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы)  1203  қызмет (81,8%), мемлекеттік органдарда   27 (1,8%) , балама түрде көрсетілгені 0 (0%).

***Электронды қызмет көрсету барысында қолданылатын ақпараттық жүйелер:                                                                                                      Электронды түрде мемлекеттік қызметтер көрсету барысында қолданыстағы ақпараттық жүйелер:

  • «Е-лицензиялау»(ЖҚ, С және ҚҚ бөлімі, АШ және кәсіпкерлік бөлімі, ТКШ ЖК және АЖ бөлімі);
  • «Е-atyrau» (жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі)
  • «Е-АХАТП»(ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі);
  • «Kezekte»(ТКШ ЖК және АЖ бөлімі);
  • «Е-собес» (ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі)
  • «Енбек.кз» (ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі)
  • Әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі

Әр түрлі саладағы мекеме қызметшілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық түрде алу мүмкіндігін түсіндіретін қысқаша онлайн курс ұйымдастырылып, алдын-ала жасақталған жоспар-кестеге сәйкес 2022 жылдың ІІІ тоқсанында 10 мекемеден 19 қызметші оқытылды. Электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерде 5 шығарылым, жергілікті «Нарын таңы» газетіне 4 мақала жарияланды. Мемлекеттік органдардың онлайн түрде қатысуымен 2 жәрмеңке ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсынан 4 маман өткен.

Ішкі бақылау жоспарына сәйкес ІІІ тоқсанда 4 ауылдық округ әкімі аппаратына ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді, 2 заң бұзушылық анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 октября 2022