Исатай ауданы бойынша 2022 жылдың ІІ тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша ақпарат
Аудандық әкімдікте 7 ауылдық округ әкімінің аппараттары және 7 құрылымдық бөлімдер арқылы 46 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. (3 стандарт бойынша қағаз жүзінде, 6 қызмет балама, 37 қызмет электронды форматта). Аталған қызметтердің 40-ы, яғни 87% автоматтандырылған (толықтай/ішінара).
2022 жылдың ІІ тоқсаны бойынша барлығы 2697 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 245 (9%) электронды түрде («электронды үкіметтің» веб-порталы және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы) 2435 қызмет (90,2%), мемлекеттік органдарда 17 (0,6%) , балама түрде көрсетілгені 0 (0%).
***Электронды қызмет көрсету барысында қолданылатын ақпараттық жүйелер: Электронды түрде мемлекеттік қызметтер көрсету барысында қолданыстағы ақпараттық жүйелер:
Әр түрлі саладағы мекеме қызметшілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық түрде алу мүмкіндігін түсіндіретін қысқаша онлайн курс ұйымдастырылып, алдын-ала жасақталған жоспар-кестеге сәйкес 2022 жылдың ІІ тоқсанында 10 мекемеден 22 қызметші оқытылды. Электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерде 9 шығарылым, жергілікті «Нарын таңы» газетіне 5 мақала жарияланды. Қаржы көзі жұмсалмай, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бағытында 2 бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желіге жарияланды. Мемлекеттік органдардың онлайн түрде қатысуымен 1 жәрмеңке және офлайн 1 жәрмеңке ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсынан мамандар өткен жоқ.
Ішкі бақылау жоспарына сәйкес ІІ тоқсанда 2 бөлімге ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді, заң бұзушылықтар анықталған жоқ.