2022 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемқызметтер есебі

Исатай ауданы бойынша 2022 жылдың  І тоқсаны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша ақпарат

Аудандық әкімдікте 7 ауылдық округ әкімінің аппараттары және                7  құрылымдық бөлімдер арқылы 46 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. (3 стандарт бойынша қағаз жүзінде, 6 қызмет балама, 37 қызмет электронды форматта). Аталған қызметтердің 40-ы, яғни 87% автоматтандырылған (толықтай/ішінара).

        2022 жылдың 3 айы бойынша барлығы 2156 (2021 жылдың есепті кезеңінде 1556 қызмет) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация  арқылы  285 (13,2%) (2021 жылдың есепті кезеңінде 473 (30,3%), электронды түрде («электронды үкіметтің» веб-порталы және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы)  1822 қызмет (84,5%) (2021 жылдың есепті кезеңінде 875 (56,2%)қызмет),  мемлекеттік органдарда   49 (2,2%)   (2021 жылдың есепті кезеңінде 40(2,8%)), балама түрде көрсетілгені 0(0%) (2021 жылдың есепті кезеңінде 168 (10,7%)).

***Электронды қызмет көрсету барысында қолданылатын ақпараттық жүйелер:                                                                                                      Электронды түрде мемлекеттік қызметтер көрсету барысында қолданыстағы ақпараттық жүйелер:

  • «Е-лицензиялау»(ЖҚ, С және ҚҚ бөлімі, АШ және кәсіпкерлік бөлімі, ТКШ ЖК және АЖ бөлімі);
  • «Е-atyrau» (жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі)
  • «Е-АХАТП»(ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі);
  • «Kezekte»(ТКШ ЖК және АЖ бөлімі);
  • «Е-собес» (ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі)
  • «Енбек.кз» (ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі)
  • Әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі

Әр түрлі саладағы мекеме қызметшілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық түрде алу мүмкіндігін түсіндіретін қысқаша онлайн курс ұйымдастырылып, алдын-ала жасақталған жоспар-кестеге сәйкес 2022 жылдың 1 тоқсанында 10 мекемеден 18 қызметші оқытылды. Электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерде 6 шығарылым, жергілікті «Нарын таңы» газетіне            3 мақала жарияланды. Қаржы көзі жұмсалмай, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бағытында   1 бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желіге жарияланды. Мемлекеттік органдардың онлайн түрде қатысуымен                 1 жәрмеңке ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсынан 2 маман өткен.

 

 

 

 

Дата публикации
04 апреля 2022