Исатай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Исатай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы                 28 желтоқсандағы №15 «Исатай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Исатай аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.

2.№10 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының өкілеттілігін тиісті аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады деп айқындалсын.

3.Исатай аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін осы қаулы Исатай аудандық мәслихатына жіберілсін.

4.Осы қаулы Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

5.Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Исатай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                                      К.Губашев

 

Исатай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                                      Г.Сиранова 

 

 

 

Аққыстау ауылы,

2022 жылғы 29 желтоқсан

№16

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2022