«16» қазан 2022 жылғы Атырау облысы Исатай ауданы
Нарын ауылдық округіне сайланған әкімін тіркеу туралы
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2022 жылғы «16» қазандағы Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хаттамасы негізінде Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы:
1.Нарын ауылдық округінің әкімі болып Абуов Аскар Тулегенович, 1976 жылы туған, «Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, мектеп директоры, Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылдық округі Нарын ауылының тұрғыны тіркелді.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
16 қазан 2022 жыл