Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы Хабар

Исатай ауданы  Нарын ауылдық округі   әкімін   сайлау

қорытындысы туралы

Хабар

 

 

2022 жылғы 16 қазанда Исатай ауданының  Нарын  ауылдық округі  әкімін сайлау Нарын сайлау округі бойынша өтті.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық  заңының 14-бабының 9)  тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік  сайлау  комиссияларының  Исатай  ауданының  Нарын ауылдық округті әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:  

 

Нарын сайлау округі   Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:  Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 756 азамат енгізілді,  олардың 581-і дауыс берді.  Жарамсыз  бюллетеньдер   саны – 8,  «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 

Абуов Аскар Тулегенович – 467;

Сайпеденов Данияр Еркинович  – 37;

Шагиров Саябек Жаныбекович -60.  

 

Абуов Аскар Тулегенович 1976 жылы дүниеге келген, «Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, мектеп директоры, Нарын ауылдық округінің  Нарын ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған  Нарын ауылдық округінің әкімі болып сайланды

 

 

 

Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы Хабар
Дата публикации
17 октября 2022