Исатай ауданының Нарын ауылдық округі
әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Нарын ауылдық округі әкімдігіне төмендегі кандидаттарды тіркеді:
Нарын ауылдық округі бойынша:
- Сайпеденов Данияр Еркинович, 1989 жылы туған, Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің Х.Нәубетов атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мектеп директорының оқу-жұмысы жөніндегі орынбасары, Жанбай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
- Шагиров Саябек Жаныбекович, 1977 жылы туған, «Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бас маман, Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы