Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық  хабарлама

 

2022 жылғы 23 қыркүйекте Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған Исатай ауданы Нарын  ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат Шагиров Саябек Жаныбекович (өзін-өзі ұсыну тәртібімен) құжаттары ұсынылды.

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.

2022 жылғы 16 қазанға  тағайындалған Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімін  сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 17 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
23 сентября 2022