2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  

2022 жылғы  16 қыркүйектегі

№ 11 қаулысына  қосымша

 

 

2022  жылғы 16 қазанға тағайындалған Исатай ауданы

Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу

 жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1.Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау

 

Исатай аудандық  аумақтық  сайлау комиссиясы

2022 жылғы 16 қыркүйек  әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын

(113-1-б.2,3-т.)

 

          2.Сайлау округінің  шекаралары мен Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен  

2022 жылғы 26 қыркүйектен  кешіктірмей

(22-б.)

 

           3.Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 

2022 жылғы 26 қыркүйектен  кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

  4.Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялау   

 

 Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен

2022 жылғы 30 қыркүйектен  кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

 5.Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

 Исатай ауданының әкімдігі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік

2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі  мерзімде

 (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен  азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен

2022 жылғы  17 қыркүйектен  басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда

30 қыркүйек  2022 жылы жергілікті уақытпен сағат

он сегізде аяқталады.

(113-3-б.1-т.)

 

7.Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

 

(4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)

 

8.Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9.Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

10.Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің  қызметкерлерін  тарта  отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

11.Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12.Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат  пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге  дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13.Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік  кіріс   органдары

Кандидат  тіркелген  күннен  бастап  бес  күн  ішінде

(113-5-б. 4-т.)

 

14.Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын

2022 жылғы 5 қазанда  жергілікті  уақытпен

сағат он сегізде аяқталады

(113-5-б.)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16.Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Исатай ауданы әкімдігі және Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға 2022 жылғы  5 қазанға  дейін

(28-б. 6-т.)

17.Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен  2022 жылғы 5 қазан сағат он сегізден кейін басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2022 жылғы 15 қазанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

18.Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Исатай ауданы әкімдігі және Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19.Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

 Исатай ауданының әкімі

2022 жылғы 25 қыркүйек дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

(24-б. 5-т.)

 

20.Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2022 жылғы 30 қыркүйек дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

(26-б. 1-т.)

 

21.Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен

2022 жылғы 6 қазаннан  кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22.Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Исатай  аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2022 жылғы  12 қазаннан ерте емес

14 қазаннан  кеш емес

(37-б. 3-т.)

 

23.Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс  берудің  басталуына бір  сағат  қалғанда

2022 жылғы  16 қазан күні  жергілікті  уақыт бойынша сағат  06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік  сайлау  комиссиялары

2022 жылғы  16 қазан күні  жергілікті уақыт бойынша сағат  07:00-ден  20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25.Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау  комиссиялары

2022 жылғы  16 қазан күні  жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

26.Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға  қол  қойылғаннан  кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

27.Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Исатай аудандық  аумақтық  сайлау  комиссиясына  ұсыну

 

Учаскелік   сайлау  комиссиялары

Хаттамаға  қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28.Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

 Исатай  аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен

2022 жылғы  19 қазаннан  кешіктірмей

(113-10-б.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен 2022 жылғы  20 қазаннан  кешіктірмей

(44-б.)

 

30.Сайланған  әкімдерді  тіркеу,  тиісті куәліктер  беру

 

 

Исатай аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап

жеті күн мерзімде 2022 жылғы  24 қазанға  дейін

 

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2022 жылғы  24 қазанға  дейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
16 сентября 2022