АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Қаржыны сақтандыруаннуитетінен БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болады?

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Қаржыны сақтандыруаннуитетінен БЖЗҚ-ғақалайқайтаруғаболады?

 

"ҚазақстанРеспубликасыныңкейбірзаңнамалықактілерінесақтандырунарығынжәнебағалықағаздарнарығынреттеу мен дамыту, банк қызметімәселелерібойыншаөзгерістер мен толықтыруларенгізутуралы" ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңынасәйкеснормативтікқұқықтықактілерге, оныңішінде 2022 жылғы 12 қыркүйектенбастап "ҚазақстанРеспубликасындазейнетақыменқамсыздандырутуралы" ҚазақстанРеспубликасыЗаңының(бұданәрі-Заң) 60-бабынабірқатарөзгерістеренгізіледі.

Заңның 60-бабының 14-тармағында зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан тұлғалар оны жасаған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін сақтандыру ұйымына шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлігінде өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы екендігі белгіленген.  БЖЗҚ-ға қайтарылуға жататын ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күндегі сатып алу сомасы мен заңның 59-бабының 2-тармағында айқындалған зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күндегі төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең.

Басқаша айтқанда, сақтандыру ұйымында зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес айлық сақтандыру төлемінің мөлшерін өмір бойы қамтамасыз ететін сома қалуы тиіс.

Осы тармақтың күші Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылатынын атап өтеміз.

БЖЗҚ-ға ақшаны қайтаруды жүзеге асыру үшін салымшы (алушы) 12.09.2022 жылдан бастап салымшымен (алушымен) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан сақтандыру ұйымына шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту және БЖЗҚ-ға ақшаны қайтару бөлігінде өзгерту туралы өтінішпен жүгінуі қажет.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Қаржыны сақтандыруаннуитетінен БЖЗҚ-ға қалай қайтаруға болады?
Дата публикации
08 сентября 2022