«ИСАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2022 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЛЫҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

«ИСАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2022 ЖЫЛДЫҢ

6 АЙЛЫҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

 

         Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының талаптарын орындау мақсатында Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 маусымдағы №47 өкімімен «Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

          Осы өкімге сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 05.01.2022-28.06.2022 жылғы кезеңдері аралығында жүргізілді.

         Атап айтқанда, аталған мерзім аралығында округ әкімімен барлығы - 20, оның ішінде жер туралы заңнамаға қатысты шешім (жеке тұлғаларға -13, заңды тұлғаларға -1) және өкім – 73 (негізгі қызмет -47, жеке құрам-26) қабылданған. Қабылданған актілер бойынша заң бұзу фактілері анықталған жоқ.

  • персоналды басқару:

         Бекітілген штаттық кесте бойынша 8 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер (әкім, әкім орынбасары, бөлімше басшысы, 5 бас маман) жұмыс жасайды.

         Жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғандар және персоналды басқару, бұқаралық ақпарат құралдарында мекеменің мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдардың жариялануы орын алған жоқ. Кадрлардың ауысуы бойынша мекеменің бас маманы Низамиқызы Мерует бала күтіміндегі демалыстан жұмысқа шығып, орнындағы маман Лұхпанов Аябек Қуандықұлы жұмыстан босатылды. Ауылдық округ әкімінің орынбасары қызметіндегі Қабдығалиев Нұрберген Жұмақұлұлы өз еркімен жұмыстан босатылды.

         Мүдделер қақтығысы  орын алмаған.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер басқармасына декларацияларды уақытында тапсырған.

 

  • мемлекеттік қызмет көрсету:

         Ауылдық округ әкімі аппаратына көрсетілген мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардан 16 арыздар мен өтініштер түскен. Барлығы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 20 маусымдағы «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі»  талаптарына сәйкес «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне тіркеліп, өтініш иелеріне мерзімінде жауап берілген.  

         Мекемеге түскен кіріс және  шығыс құжаттары да   құжатайналымның бірыңғай жүйесіне (Documentolog)  енгізілу арқылы уақытылы жүргізіліп келеді.

         «Еgov.kz» порталы арқылы тұрғындарға 139 электрондық цифрлық қолтаңба алынып, басқалай 598 қызмет көрсетілді.

 

  • рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

         2022 жылдың көктемгі әскерге шақырылушылар саны – 57 адам.

Шақыру қағаздары таратылып, округтің бас маманы мен учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, әскерге шақырушыларға Қазақстан Республикасының заңдарындағы нормаларға сәйкес, түсінік жұмыстары жүргізілді. Әскер қатарына кеткендер саны - 4.

         2022 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша аудандық Жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздарға тіркелгендер саны – 63 адам. Ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданғандар саны – 30 адам.

 

         Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен  «1424» колл-орталығын жан-жақты ақпараттандыру мақсатында арнайы дайындалған бейнероликтер ауылдық округ көлемінде орналасқан мекемелерде Led-экрандардан, теледидарлардан т.б. құрылғылардан көрсетіліп, жадынамалар халық көп шоғырланатын жерлерге ілініп, таратылды.  

 

         «Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

          

Жұмыс тобының құрамы:

 

 

                                                                                                   А.Бекішұлы

 

                                                                                                 Г.Дюсенова

                                                                                                  Т.Каримова

                                                                                                     Л.Рамазанова

                                                                                                        М.Низамиқызы

 

 

«ИСАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2022 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЛЫҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ
Дата публикации
01 июля 2022